Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев зиян тағамдардың жарнамасын шектеуді тапсырды

Тоқаев зиян тағамдардың жарнамасын шектеуді тапсырды
Сурет: retail-life.ru
Тоқаев Үкіметке зиян тағамдардың жарнамасын шектеу мәселесін жан-жақты тексеруді тапсырды. Ол балалардың фастфуд пен тәтті тағамдарға әуестенуіне жарнаманың да әсері бар екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың айтуынша, қазіргі кезде дәрігерлердің бақылауына сәйкес, қазір қант диабетімен ауыратын шамамен 7 мың бала бар.

“Дәрігерлердің бақылауына сәйкес, қазір қант диабетімен ауыратын шамамен 7 мың бала бар. Бұл көрсеткіш азаймай, керісінше өсіп келеді. Көптеген ел балаларға бағытталған, құрамында майы, қанты және тұзы көп тағамдардың жарнамасына тыйым салады немесе оны шектейді”, – деді ол.

Президент бұл мәселені үкімет жан-жақты зерттеуі қажет екенін жеткізді.

“Бұл мәселе оңай емес. Мұнда пікірталас тудыратын, медициналық және саяси тұрғыдан да күрделі әрі нәзік мәселелер бар. Дегенмен үкімет бұл мәселені ең алдымен балаларымыздың денсаулығын ескеріп, жан-жақты зерттеуі керек”, – деді Тоқаев. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар