Қоғам
Тоқаев мұғалімдер тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 тамыз, 2026
- 200
Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-ағарту саласындағы кадр тапшылығын жойып, ұстаздардың біліктілігін көтеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Бұл бағытта жүйелі шаралар қолға алынуда, нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның арқасында білім саласын таңдаған жастардың қатары көбеюде. Бұл – жақсы үрдіс.
Биылдың өзінде мектеп бітірген 12 мыңнан астам түлек педагогикалық мамандық бойынша мемлекеттік грант иегері атанды. Олардың 2 мыңнан астамы – мектепті "Алтын белгімен" бітіргендер", - деді Президент.
Дегенмен, Тоқаевтың сөзінше, кадр мәселесін түпкілікті шешу үшін әлі де біраз шаруа атқарылуы тиіс.
"Елімізге тағы да 5 мыңнан астам мұғалім керек. Себебі халық саны тұрақты түрде артып келеді. Соңғы жылдары салынып жатқан мектептердің саны да едәуір көп. Осы жағдай педагог мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Бұл мәселе бойынша министрлік тың тәсілдер ұсынуға тиіс", - деді Президент.
Келесі мақала
Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек - Тоқаев
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Тоқаев "Орталық Азия – Корея Республикасы" бизнес-саммитінде сөз сөйледі
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




