Қоғам
Алматы әуежайында FlyArystan ұшағы өртенді: қызметкер жарақат алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 тамыз, 2026
- 214
Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы өртенді. Салдарынан Air Astana қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Kozachkow Telegram-арнасында Алматы әуежайында түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан FlyArystan әуекомпаниясы ұшағының іші өртеніп жатқанын көруге болады.
Оқиға кезінде ұшақ бортында жолаушылар мен экипаж мүшелері болмаған. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Air Astana тобы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда балағат сөйлегендерге енді айыппұл салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2026




