Нұрай Серікбайдың өлімі: сотталған Шерхан Аймахан сот үкімінің күшін жоюды сұраған
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 қыркүйек, 2026
- 205
Жәбірленушілердің адвокаты Аянхан Омаров сотталушының қорғаушысы “кісі өлтіру” бабының қайта саралануын және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алып тастауды сұрап отырғанын айтты.
“Шағымда, сотталған Аймахан Шерханды ҚК-нің 125-1-бабы (некеге тұруға мәжбүрлеу) бойынша ақтауды, сондай-ақ адам өлтіруді Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 5)тармағынан, 99-бабының 1-бөлігіне ауыстыруды сұрап, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алып тастауды сұраған. Яғни, Нұрай Серікбайды некеге тұруға мәжбүрлемеген және оны аса қатыгездікпен өлтірмеген - деп алға тартып отыр!”, – деп жазды Аянхан Омаров желідегі жазбасында.
Заңгер бұл шағыммен келіспейтінін, бірінші сатыдағы соттың шығарған үкімі әділ болғанын және өзгеріссіз қалуы тиіс екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 14-18 қыркүйек аралығы кейбір аудандарда жарық өшіріледі
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 қыркүйек, 2026




