Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дубайда апалы-сіңлі қазақстандық екі қыз көз жұмды: туыстары олардың өлімінің себебін білмей отыр

Дубайда апалы-сіңлі қазақстандық екі қыз көз жұмды: туыстары олардың өлімінің себебін білмей отыр
Сурет: видеодан скриншот
Біріккен Араб Әмірліктерінде қайтыс болған қазақстандық апалы-сіңлінің өліміне қатысты құжаттарында өлім себебі – жүрек тоқтау деп көрсетілген. Марқұмдардың денесі Шарджадан сенбіге қараған түні елге жеткізілді. Сол күні оларды жақындары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақжан мен Жұлдыздың денелері сол түні елге жеткізілді. Біріккен Араб Әмірліктерінің полициясы оларды әкесі туыстықтарын растау үшін ДНҚ сараптамасынан өткеннен кейін ғана тапсырған. Мейрам Боханов марқұм қыздарын Қазақстанға келгеннен кейін, жерлеу рәсімі алдында ғана көрді.

“Беттерін мешітте ғана аштық. Бауырым екеуміз қарап шықтық: біздің қыздарымыз... Анасы көрген жоқ. Қыздарының әрдайым көңілді, бақытты жүздерін есінде сақтасын”, – дейді қыздардың әкесі Мейрам Боханов.

Былтыр желтоқсанда Шарджаға жұмыс істеуге кеткен екі қыздың өмірі қандай жағдайда үзілгенін ата-анасы әзірге білмейді. Қазір олар екі апта бұрын Ақжан мен Жұлдыздың байланысқа шықпай қалған кезінен бергі оқиғаның мән-жайын өз бетінше анықтауға тырысып жатыр.

“Жүрегі тоқтаған дейді. Олардың нақты қалай қайтыс болғанын, қалай өлтірілгенін біз білмейміз. Интернетте тарап жатқан ақпараттың бәрі – өтірік! Сенбеңіздер! Сараптаманың ресми қорытындысы шыққанда ғана нақты айта аламыз”, – дейді марқұмдардың әкесі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар