Басты жаңалықтар
Денистің өліміне қатысты бірінші күдікті қылмысын толық мойындады
- автор kyn.kz
- 20 шілде, 2018
- 286
Бір күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал екіншісі кім екені анықталып жатыр.
«1994 жылы Жамбыл облысында туған Қиясов Нұралы ұсталды. Ол өзінің жасаған қылмысын мойындады, осы іске адвокат қатысып отырды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екінші күдіктінің де кім екені анықталды. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», -деді прокурор Берік Жүйректаев БАҚ өкілдерімен болған брифингте.
Қазіргі таңда аталған қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігіне сәйкес жүріп жатыр.
Айта кетейік, қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы 19 шілде күні түс уақытында ауруханаға жеткізілген болатын. Алматы қалалық ІІД-нің айтуынша, Денис Тенге белгісіз біреулер, спортшы автокөлік ішінде отырған кезде шабуыл жасаған. Қылмыскерлер оның көлігінің айнасын ұрламақ болған екен.
Денис Теннің жағдайы ауыр болғаны сонша- спортшы 3 литр қанын жоғалтқан. Дәрігерлер өмірін аман сақтап қалу үшін қанша тырысқанымен. кеше кешкі саған алтылар шамасында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әлімқұлов спортшының қаза болғанын хабарлады.
https://youtu.be/tP5ZX3nNqlw
Келесі мақала