Үндістанның Ченнаи қаласында 12 жасар қызды жеті ай бойы үйінде жұмыс істейтін 18 еркек зорлап келген.
Қазіргі таңда сот жұмыстары жүргізіліп, 18 еркек тұтқындалды. Ченнаи қаласында өткен сот отырысы күшейтілген күзет қызметімен өткізілді. Өйткені, оқиғаны біле салысымен, жергілікті тұрғындар еркектерге жаппай шабуыл жасаған. Бұл туралы Метро хабарлады.
Тергеу жұмыстарының болжамына сәйкес, аталмыш еркектер қызға ұйықтататын дәрі ішкізіп, оны дәрменсіз халге дейін жеткізген.
Кейін басқа бос тұрған пәтерге апарып, сол жерде оған зорлық жасаған. Ал егер, басқаларға бірдеңе айтатын болсаң, видеоны дүйім жұртқа жариялаймыз деп шошытқан. Бірақ әбден шыдамы таусылған қыз басынан өткеннің барлығын әпкесіне айтып берген.
Айыпталушылар болса жәбірленуші қыз тұрған көппәтерлі үйде күзетші, жеделсатышы, сантехник болып істейді. Зорлықшыл еркектерді сабаудан тіпті адвокаттар да тартынбады.
Оқиға куәгерлерінің түсіріп алған бейнематериалында еркектердің соққыдан қашып, араша іздегенін көруге болады. Оларды тұрғындар жабылып сабады.