Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Облыстық ата-аналар жиналысы: балалар қауіпсіздігі туралы ашық диалог»

«Облыстық ата-аналар жиналысы: балалар қауіпсіздігі туралы ашық диалог»
kyn.kz
2026 жылғы 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен балалар қауіпсіздігі мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелеріне арналған облыстық «Ата-аналар жиналысы» өтті.

Іс-шараға облыс прокуроры, Полиция департаментінің бастығы, қала әкімі, Бала, отбасы және әйелдер құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғам қайраткерлері, білім беру органдарының өкілдері, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы мамандар қатысты.

Диалог мектеп оқушыларының 2 мыңнан астам ата-анасын біріктірді. Бейнеконференция байланысы арқылы өңірдің барлық 13 ауданы диалогқа қосылды.

Қатысушылар жасөспірімдер қылмысының себептерін, буллингті, интернет-қауіптерді, кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы қызметке тартуды, балалардың психологиялық жай-күйін және «қауіп-қатер тобындағы» жасөспірімдерді ерте анықтау мәселелерін талқылады.

Кездесу аясында тақырыптық бейнематериалдар көрсетіліп, сотталғандармен телекөпір ұйымдастырылды. Олар өз мысалдары негізінде қылмыстың салдары мен қате шешімдер туралы айтып берді.

Облыстық ата-аналар жиналысын өткізу мемлекеттік органдар мен ата-аналар қауымдастығын ортақ мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер қылмысының алдын алу төңірегінде біріктірген бірыңғай диалог алаңына айналды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар