Басты жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 19:33
- 18
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батыс өңірлеріне алдағы күндері қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы салқындайды.
«Еліміздің қалған аумағында жаз мезгіліндей жылы ауа райы орнайды. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады. Тек еліміздің шығысында антициклонның жотасы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде +12…+21°С-тан +7…+16°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-тан +13…+23°С-қа дейін салқындайды.
Ал солтүстік-батыста түнгі температура +13…+20°С-тан +5…+15°С-қа дейін, күндіз +20…+30°С-тан +15…+25°С-қа дейін төмендейді.




