Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: даудан кейін Қырғызстан Қазақстанды жеңісімен құттықтады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: даудан кейін Қырғызстан Қазақстанды жеңісімен құттықтады
Сурет: sport.akipress.org
31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында марапаттарды есептеуге қатысты дау туындаған болатын. Осыдан кейін Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы медальдық есебінде ресми түрде Қазақстанның бірінші орын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алагөвтың айтуынша, Ойындардың өзі үлкен спорттық мерекеге айналды. Ол көк-бөрі мен жер-ұлақ жарыстарын ерекше атап өтіп, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы спорттық бәсекелестікке тоқталды.

"Командалық есептегі жалғыз техникалық алшақтық медальдарды санау кезінде туындады. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының әрқайсының медалін жеке-жеке есепке алу туралы шешім қабылдады. Осылайша, жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орынды иеленді. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!" — деп жазды Алагозов.

Алайда, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми аккаунтында Қырғызстан 30 алтынмен бірінші, ал Қазақстан 29 алтынмен екінші орында тұрған кесте жарияланды. Ойындардың Instagram-дағы аккаунтындағы бұл жазба алдымен өшіріліп, кейін қайта шығарылды, ал кейінірек тағы да өшірілді.

Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігі "Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұжырымдамасына сәйкес, елдер арасында ресми медальдық және жалпыкомандалық есеп жүргізілмейтінін" жеткізіп мәлімдеме жасады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар