Қазақстанда хиджап киюге рұқсат беретін жекеменшік мектептер лицензиясынан айырылатын болады
- автор kyn.kz
- Бүгін, 11:50
- 35
Министрдің айтуынша, мектеп формасына қойылатын бірыңғай талап мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының барлығына бірдей қолданылады.
Жұлдыз Сүлейменова бұған дейін белгіленген ережелер сақталмаған жағдайлар тіркелгенін және мұндай фактілер бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Бізде бірыңғай мектеп формасы бар. Барлық мектеп осы ережелер мен талаптарды сақтауы тиіс. Мұндай жағдайлар болған, біз олармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті де қатысады. Әкімдіктермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істейтін үлкен комиссия бар», – деді министр.
Оның мәліметінше, өткен оқу жылында мектеп формасына қатысты талаптарды сақтамау деректері жекеменшік білім беру ұйымдарында да кездескен. Алайда биыл жаңа оқу жылы басталғалы мұндай мектептер анықталмаған.
Журналистер министрден жекеменшік мектеп оқушыға хиджабпен сабаққа қатысуға рұқсат берген жағдайда қандай шара қолданылатынын сұрады.
«Лицензиялау мәселесі бар – лицензиясын қайтарып алу. Бұдан бөлек те бірқатар тетік бар, оларды бірлесіп пысықтаймыз», – деп жауап берді Жұлдыз Сүлейменова.
Осылайша, мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты орындамаған жекеменшік білім беру ұйымдарына қатысты лицензиялық және өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026
Қазақстандықтар зейнетақы қаражатын жеке компанияға тапсыра алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026




