Басты жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқындайды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:29
- 1
Алдағы күндері солтүстік өңірде күн суытады.
Қазақстанда алдағы күндері кейбір өңірлерде күн салқындайды. Ал оңтүстікте күн жылы болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері солтүстік өңірлерде күн салқындайды.
Ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
«Еліміздің оңтүстік-шығысында 12 қыркүйекте жаңбыр жауады, бірақ ауа райы жылы болады. Сонымен қатар батыста циклон өткеннен кейін жауын-шашын әлсіреп, ауа райы біртіндеп тұрақтанады. Ауа температурасы солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде +13…+23°С-қа дейін, орталықта +15…+25°С-қа дейін төмендейді. Ал батыста температура біртіндеп +20…+28°С-қа дейін жоғарылайды», – делінген синоптиктер болжамында.



