"Өзімді кінәлі деп санамаймын": Ұлдана Мырзуан ісі бойынша сотта МИБ төрағасы жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:14
- 19
Жұбаниязованың айтуынша, бұл үйде анасымен және екі баласымен бірге тұрады. Қайғылы оқиғадан екі апта бұрын ғимаратта жаңа жарықтар пайда бола бастаған. Түнде ол сытырлаған дыбысты естіп, өз пәтеріндегі бөлме төбесінде жарық ұлғайғанын көрген.
Айыпталушының айтуынша, үйдің бір тұрғыны да сытырлаған дыбысты естіп, пәтеріндегі жарық кеңейгенін хабарлаған. Осыдан кейін МИБ төрағасы ТЖМ-ін шақырып, конструкциялар қирап жатқандықтан, бірінші кіреберістің бір бөлігін қоршауды сұраған.
Әйелдің айтуынша, ғимараттағы өзгерістер қазір де тоқтамаған. Екінші қабаттағы қабырға шамамен жарты сантиметрден бір сантиметрге дейін қабырға кеткен.
Жұбаниязова соттан істің барлық мән-жайын мұқият қарастыруды және оның МИБ төрағасы ретіндегі міндеттерін қайғылы жағдайдан бөліп қарауды сұрады.
"Құрметті сот, мен істің барлық мән-жайын анықтап, МИБ төрағасы болғанымды осы қайғылы оқиғадан бөліп қарауды өтінемін. Мен бұл жағдайда өзімді кінәлі деп санамаймын", - деді айыпталушы.
Ол осы тұрғын үйге төраға болғаны үшін өкінетінін жеткізді.
"Мен балаларым мен анамның алдында ғана кінәлімін. Осы үйді алып, төраға болғаныма өкінемін. Өйткені балаларыма дені сау, бақытты және қастарында болатын ана керек деп ойлаймын", - деп түйіндеді сөзін Жұбаниязова.
Айыпталушы соттан істің барлық мән-жайын ескере отырып шешім шығаруды сұрады.



