Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“21 миллионнан аса айыппұл немесе 5 жыл түрме”: көлік министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

“21 миллионнан аса айыппұл немесе 5 жыл түрме”: көлік министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Сурет: 4sezonatravel.ru
Ұшақта абайсызда айтылған сөз айыппұлға әкеледі.

Көлік министрлігі қазақстандықтанға үндеу жасады. Ұшақ бортында орынсыз әзіл - рейстің кешігуіне және жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“Авиацияда "бомба", "жарылғыш зат", "террорист", "қару", "ұшақты басып алу" сияқты және басқа да сөздер қауіпсіздікке қатер төнгенін білдіруі мүмкін. Кез келген ықтимал қауіп туралы ақпарат маңызды деп қабылданады, ал экипаж бен авиациялық қауіпсіздік қызметтері бекітілген процедуралар бойынша әрекет етуге міндетті", – деп хабарлады ведомство.

Әңгіме тек сөздер туралы емес. Жолаушыларға мына тақырыптарда әзілдемеуге кеңес берілді:

бомба мен жарылғыш заттар;

қару мен тапанша;

террористер мен теракт;

ұшақты басып алу;

жолаушыларға немесе экипажға зиян келтіру ниеті;

жүкте немесе қол жүгінде қауіпті заттардың болуы.

Бұл ретте фразаның әзілмен немесе шын айтылғаны маңызды емес. Экипаж мүшелері мұны жай ажырата алмайды, сондықтан мұндай мәлімдемелерді ықтимал қауіп ретінде қабылдауға міндетті.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар