Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда балағат сөйлегендерге енді айыппұл салынады

Қазақстанда балағат сөйлегендерге енді айыппұл салынады
Сурет: kkpb27.ru
Қазақстанда қоғамдық орында балағат сөз айтқан адам әкімшілік жауапқа тартылады. Оның қасында біреудің болуы қажет емес, бейнебақылау камерасындағы іс-әрекеті жеткілікті болмақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мұндай әрекет үшін 86 мың теңге айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін. Ал құқықбұзушылық қайталанса, қамау мерзімі 20 тәулікке дейін ұзартылады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық жерде былапыт сөз айту Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық ретінде қаралады.

“Құқықбұзушылықты саралау кезінде оның көпшілік алдында жасалғаны және қоғамды ашық түрде сыйламау сипаты маңызды. Қоғамдық көлік, тұрғын үй кіреберістері, ғимараттардың холдары, көшелер мен саябақтар қоғамдық орын саналады. Мұндай жерде балағат сөз айту, камераға түсірілген сәтте маңайда адамдардың болған-болмағанына қарамастан, құқықбұзушылық құрамын құрауы мүмкін”, – деп түсіндірді ІІМ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар