"Балаң бақилық болса, Әкең о дүниелік болса қартаясың": Ердос Қанаев сырт келбетін сөз еткендерге жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:50
- 35
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында кейінгі уақытта көп адамдардан сырт-келбетіне байланысты естіп қалып жатқанын айтты.
“Алдыңғы рилста “Қартайып кетіпсіз”, “Бұл да қартайыпты” деген сынды пікірлер жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау Әкең о дүниелік болса қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!” – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіге демеу сөздер жазды.
Олар “Адамды қартайтатын уақыт емес, адамды қартайтатын оқиғалар”, “Сол қайғыға төтеп беріп аман жүргеніңіздің өзіне шүкір. Алланың алдыңыздан берер нығметі көп болсын”, "Өлім көрмегендер, өмірдің қадірін білмейді. Қайғыға қарсы тұрудың өзі ерлік! Алла қуат берсін сізге!" деп жазды.




