Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Түркиядан елге жеткізілді

Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Түркиядан елге жеткізілді
Сурет: видеодан скриншот
Түркия 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген The Finiko қаржы пирамидасы құрылымдық бөлімшесінің басшысын Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, күдікті 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Оны елге прокуратура органдарының үйлестіруімен Интерполдың Ұлттық орталық бюросы бірлесіп қайтарған.

Ведомство мәліметінше, The Finiko нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметпен айналыспаған. Бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жүргізілген.

Осылайша, табыстылық көрінісі жасалып, бұл азаматтардың қаражатын әрі қарай тартуға мүмкіндік берген.

"Күдіктінің заңсыз қызметінің нәтижесінде қаржы пирамидасына салымшылардың 160 миллион теңгеден астам қаражаты тартылған. Сонымен қатар сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктінің құны 221 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет пайдасына өткізілді", - деп хабарлады ҚМА.

Бұған дейін аталған қылмыстық іс бойынша үш айыпталушы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар