Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда алдағы уақытта күн күрт бұзылып, жаңбыр жауады

Қазақстанда алдағы уақытта күн күрт бұзылып, жаңбыр жауады
Сурет: magnific.com
Елімізде алдағы күндері ауа райы бұзылады.

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел соғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің мәліметінше, алдымен батыс өңірлерде күн бұзылады. Мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады деп болжанып отыр.

"Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауына, ауа температурасының төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан еліміздің батыс, кейін солтүстік өңірлеріне жаңбыр, найзағай және екпінді жел әкелетін циклон жылжи бастайды", - делінген хабарламада. 

Ал оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтілмейді, жылы ауа райы сақталады. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар