Қызылорда облысында тікелей эфир кезінде мысықтың құлағынан тістеген ер адам жауапқа тартылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 18:16
- 1
Мысықты қинаған 43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шыққан. Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
"21 қыркүйекте TikTok әлеуметтік желісінде ер адамның мысықты қинап, қатыгездік танытқаны туралы бейнежазба тарады.
Полиция қызметкерлері жедел түрде бейнежазба бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде жануарға қатыгездік танытқан адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді", - делінген Telegram-дағы ҚР ІІМ жаңалықтары арнасында.
Бұдан бөлек, ер адамға мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасалған.
"Жануарға қатыгездік таныту қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екендігі түсіндірілді. Үй жануары тірі, зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.
Полиция жануарларға қатыгездік көрсетуге жол берілмейтінін ескертеді. Жануарға күш қолдану, оны қинау немесе зиян келтіру заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.



