«Шешесінің, достарының айтқанына еріп, отбасын тастап кетті»: Жанель Мақажан не себепті ажырасқанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қыркүйек, 2026
- 275
Жанельдің сөзінше, жолдасы анасы мен айналасындағы адамдардың пікіріне еріп, отбасынан кеткен. Оған бұл туралы сұрақты желі қолданушысы қойған.
“Күйеуің сені, бала-шағаңды өз туыстарына талатып отырса, өз отбасын шын мәнінде қорғамаса, шешесінің, жанындағы психологтарының, достарының айтқанына еріп, саған талағын беріп, отбасын тастап кетсе… Бірақ ел алдында керемет әке, жардың бейнесінде жүрсе – қиын екен”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол бұрынғы күйеуінің сатқындық жасағанын да айтты. Мұны қабылдау ауыр болған.
“Біз, әйелдер, сенеміз ғой, барымызды береміз: энергиямызды, ақшамызды, мотивациямызды. Екі дүниенің бақытын бірге көреміз деп барыңды саласың. Сол жерде ақымақ болғаныңды түсінесің. “Бәрі керемет болады” деген аңғал үмітпен жүресің. Ерлі-зайыпты қол ұстасып, бәрін бірге жеңуге дайын болса, отбасын сақтап қалуға болады. Ал ерің отбасын емес, өз туыстарының айтқанын таңдап кетсе, одан не қайыр?”, – деді Жанель.
Ұқсас жаңалықтар
Navai есірткі контрабандасы бойынша екі айға қамауға алынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қазан, 2026




