Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қоғамға аз да болса үлесіңді қоссаң, соның өзі - үлкен пайда": Сырымбек Тау

"Қоғамға аз да болса үлесіңді қоссаң, соның өзі - үлкен пайда": Сырымбек Тау
Сурет: politico.kz
«Партияда боласың ба, болмайсың ба – мәселе онда емес. Қоғамға аз да болса үлесіңді қоссаң, соның өзі – үлкен пайда», – дейді кәсіпкер Сырымбек Тау.

Кәсіпкер әлеуметтік желіден көрген бір жағдайды мысалға келтіріп, қоғамға қатысты ойын айтты.

Оның айтуынша, бірнеше жұмысшы түскі үзіліс кезінде ағаштың көлеңкесінде отырып тамақтанған. Мұны көрген адамдар олардың еңбегіне мән берудің орнына видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

«Соларды сынаған адамнан көшені сыпырып, тазалап жүрген қарапайым еңбек адамының қоғамға пайдасы жүз есе артық. Қолыңнан ештеңе келмей ме – ең болмаса жұмыс істеп жүрген адамға тиіспе. Еңбек етіп жатқан адам бар ғой, соған кедергі жасама. Ал «менен не пайда?» деу – адамның өзін төмендетуі», – деді Сырымбек Тау.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар