Қоғам
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді: үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:50
- 20
Елімізже жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай күтіледі, жел күшейеді.
Солтүстік пен шығыста, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады.деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, 16 қыркүйектен бастап еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын және желдің күшеюі болжанады, ал 17 қыркүйекте жекелеген аудандарда қатты жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы біртіндеп +20+27 °С-қа дейін көтеріледі.
«Республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: батыста +19+30 °С-қа, шығыста +18+25 °С-қа, оңтүстік-шығыста +22+28 °С-қа дейін», – делінген ауа райы болжамында.



