Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазан айының алғашқы күндері аяз жүреді

Қазан айының алғашқы күндері аяз жүреді
Сурет: moya-planeta.ru
“Қазгидромет” 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

29-30 қыркүйекте ауа райы қалыпты, жауын-шашынсыз болады.

1 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай соғып, жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Елдің солтүстік жартысында 1-3°C аяз жүреді. Күндіз ауа температурасы елдің солтүстік жартысында +15…+23°C болады.

Оңтүстігінде ауа температурасы +20…+25°C-тан +15…+23°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда +10…+15°C-тан +8…+13°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар