Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жанель Мақажан бұрынғы күйеуі Абай Асылханның қыздарына көмектеспей жүргенін айтты

Жанель Мақажан бұрынғы күйеуі Абай Асылханның қыздарына көмектеспей жүргенін айтты
Сурет: caravan.kz
Актриса Жанель Мақажан бұрынғы күйеуі Абай Асылханның үш айдан астам уақыттан бері балаларына материалдық тұрғыда көмек көрсетпей жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жанель Мақажанның айтуынша, жұбайы отбасынан кеткен кезде балалардың күтушісі, тамағы, балабақшасы, киім-кешегі мен өзге де шығындарын өз мойнына алатынын айтқан. Бірақ ол сөзінде тұрмаған.

“2-3 ай бұрын қыздардың әкесі кеткен кезде күтушісін, тамағын, балабақшасын, киім-кешегін, жалпы барлық материалдық жағдайын өз мойныма аламын деген. Сол күйі сөз жүзінде қалды. Бірақ қыздарды қаржылай қамтамасыз ету қажет екенін қанша айтқаныммен, сөзім тыңдалмай келеді”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ, актриса той, іс-шаралар жүргізгенімен, оны жасырып жүргенін айтты.

“Неше той, іс-шара жүргізіп жатқанын ұзынқұлақтан естіп жатырмыз. Бір-екеуін салып, басым көпшілігін жасырып жүр екен. Маған тіпті фото, видеоларын сыртынан жіберіп жатқан адамдар бар. Сол себепті өзіме мықты адвокат іздеймін”, – деді Жанель Мақажан.

Өнер иесі оқырмандарынан қандай да бір іс-шарада қыздарының әкесін көрген жағдайда фото немесе видео жіберуді өтінді.

“Баланы дүниеге әкеліп, оның барлық жауапкершілігінен қашқан адам адамгершілікпен түсінбесе, онда заң қолдану керек деп ойлаймын”, – деп жазды актриса.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар