Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанның бес өңірінде жылу беріле бастады

Қазақстанның бес өңірінде жылу беріле бастады
Сурет: iStock
Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Қазақстанда жылу беру маусымы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жылу бес өңірде – Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында берілгенін жеткізді. Сондай-ақ, аптаның соңына дейін орталық, батыс және шығыс өңірлерде беріледі деп күтілуде.

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

"Жекелеген облыстарда жылу беру маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс.

Жылыту маусымын уақтылы, белгіленген мерзімнен кешіктірмей бастау қажет. Нысандардың дайындық паспорттарын алу үшін құжаттарды тапсыру аяқталып қалды. Ертең – соңғы күн. Әкімдер бұл мәселені жеке бақылауға алуы керек", - деді үкімет басшысы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар