Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев: технологиялық компаниялардың келісімі ЖИ-ді халықаралық деңгейде реттеуге негіз бола алады

Тоқаев: технологиялық компаниялардың келісімі ЖИ-ді халықаралық деңгейде реттеуге негіз бола алады
aqorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өткен жылы Қазақстанның IT-қызметтер экспортының көлемі 1 млрд доллардан асты. Біздің цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден астам елінде қолданылады».

Мемлекет басшысы жасанды интеллект мәселесінде аса жоғары жауапкершілік пен адалдық таныту қажеттігін мәлімдеді.

– Президент Дональд Трамптың бастамасымен жетекші америкалық технологиялық компаниялардың жуырда Суперинтеллект туралы келісімге қол қойғанын атап өткім келеді. Меніңше, бұл тәсілді барлық мүдделі елдер жан-жақты талқылап, жаһандық деңгейде қабылдауға болатын үлгі ретінде қарастырады, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның толық цифрлық мемлекетке айналуы үшін қажетті жағдайларды дәйекті түрде жасап келе жатқанын атап өтті. Осы орайда ол қатысушыларға еліміздің жүйелі қадамдары мен жетістіктері туралы айтып берді.

– Өткен жылы Қазақстанның IT-қызметтер экспортының көлемі 1 млрд доллардан асты. Біздің цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден астам елінде қолданылады. Бұл жетістіктердің барлығы Қазақстанның еліміз бен бүкіл әлемнің өркендеуі жолындағы прогреске үлес қосуға деген шынайы ұмтылысын көрсетеді. Дегенмен озық технологиялар саласында қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалуға болмайды. Егер еліміздің қуатты технологиялық негізін қалыптастыруды көздесек, инновациялық стартап-компанияларға нақты қолдау көрсетіп, озық жобаларды жүзеге асыруымыз қажет, – деп есептейді Мемлекет басшысы.

Осы тұрғыда Президент экономиканың нақты сұраныстарына негізделген индустриялық AI-міндеттердің тізбесін қалыптастыру маңызды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ осы тізім негізінде қазақстандық және шетелдік командаларды тарта отырып, AI Challenge жобасын іске қосуды ұсынды. Тиімділігін дәлелдеген үздік жобалар өндіріске енгізіледі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар