Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті

Журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті
khabar.kz
Қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова өмірден озды. Ол ұзақ жылдар бойы "Хабар" агенттігі мен "Жетінші арнада" қызмет еткен, деп хабарлайды Kazinform.

Әріптестерінің айтуынша, ол соңғы жылдары онкологиялық аурумен күрескен.

Ол кәсіби мансабының көп бөлігін парламенттік журналистикаға арнап, депутаттардың жұмысы мен заң шығарушы органның қызметін жариялап келгені хабарланды.

Әріптестері Индира Жылқайдарованы мейірімді, жаны жайсаң, жарқын жүзді адам және өз кәсібіне адал, мықты журналист ретінде еске алады. Олар Индира Жылқайдарованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар