Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Құрбысының баласының ернінен сүйген": Астанада әйелдің іс-әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды (ВИДЕО)

"Құрбысының баласының ернінен сүйген": Астанада әйелдің іс-әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды  (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Астанада әйел кішкентай баланың ернінен сүйген. Бұл туралы видео әлеуметітк желіде таралып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері осыған байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті таратқан хабарламаға сүйенсек, видеодағы әйел баланың анасының құрбысы болып шықты. 23 жастағы әйел адамның бұл ісіне қатысты тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, құқықтық баға беретін болады.

«Бұған қоса, аталған фактіні өзінің ұялы телефонының камерасына түсірген баланың анасы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, желіде тараған бұл видео қоғамда резонанс тудырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар