Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаевты Оман Сұлтаны ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады

Тоқаевты Оман Сұлтаны ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады
Сурет: Ақорда
Оман Сұлтаны Тоқаевқа елдің ең жоғары мемлекеттік наградасы — “Әл Саид” орденін тапсырды. Ал Қазақстан президенті Хайсам бен Тарик Әл Саидті “Алтын Қыран” орденімен марапаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсімде Тоқаев Оман Сұлтанының Қазақстанға сапары тарихи маңызға ие екенін айтты. Оманды Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық әрі сенімді серіктесі деп атады.

“Бүгін мәртебелі Сұлтанды Астанада қарсы ала отырып, біз екіжақты қарым-қатынасымызды тарихи маңызы бар жаңа деңгейге көтеріп отырмыз. Бұл — Оман Сұлтанының Қазақстанға және жалпы Орталық Азияға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары. Бұл сапарды елімізге деген шынайы құрметтің және екі мемлекеттің сауда мен өзара ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенінің белгісі деп қабылдаймын. Бізді мұнай-газ сияқты дәстүрлі салалармен қатар, көлік пен логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, сауда байланыстарын нығайту және ауыл шаруашылығы өнімдерімен алмасу секілді бағыттар да қызықтырады. Оман сияқты стратегиялық серіктесіміз бар екеніне қуаныштымыз. Біз де елдеріңіз үшін сенімді серіктес болуға бар күшімізді саламыз”, — деді Тоқаев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар