Мәдениет
"Мені алып қашып кетті": Абай Бегейдің қызы неге 16 жасында тұрмысқа шығып кеткенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:23
- 34
Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат 16 жасында күйеуі оны өзінің келісімінсіз алып қашып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сымбаттың сөзінше, ол ерте тұрмысқа шығуды жоспарламаған.
“Күйеуге шығамын деп ойлаған жоқпын. Екеуміз сөйлесіп жүрген кезде ол мені алып қашып кетті. Бұл туралы бұрын әлеуметтік желіде айтпағанмын. Оның үйінен қашып кеттім. Кейін олар әкеме барып, рұқсатын алды. Қазір сол шешіміме өкінбеймін ”, – деді ол.
Қазіргі уақытта Сымбат отбасымен бақытты екенін және оған тұрмысқа шыққанына өкінбейтінін жеткізді. Сондай-ақ отбасында оған қысым жасалмайтынын, еркіндігі шектелмегенін және қайын жұртымен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты. Сөйтіп 18 жасында ана атанған.




