"Қан қысымның көтерілуі, бас ауруы, ұйқының бұзылуы": қазақстандықтарға 9 қазанда магнит дауылы болуы мүмкін екені ескертілді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 20:50
- 55
РҒА ҒЗИ мен КЖФИ Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, 9 қазанда G1 деңгейіндегі магнит дауылы болуы мүмкін.
"Есептеулер бойынша, ол Жерге дейін шамамен үш тәулікте, жұма күні таңертең жетеді. Жерге соққы тигенде, ғарыштық ауа райының барлық дәстүрлі тізбегі - магнит дауылынан поляр шұғыласына дейінгі құбылыстар басталады, бірақ бұл қалыпты режимде өтеді. Есептеулерге сәйкес, дауыл 10 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады (бұл аз уақыт) және G2 орташа деңгейінен аспайды. Шұғылаға келетін болсақ, плазманың таңертең келуі оны көру мүмкін емес екенін білдіреді. Жарық авроральді сопақша қараңғы түскенше сақталар-сақталмасын айту әзірге қиын", - деп атап өтті ғалымдар.
Ғалымдар магнит дауылдарының адам ағзасына әсер ету механизмін әлі толық зерттеген жоқ. Дегенмен, дәрігерлер мұндай кезеңдерде кейбір адамдар денсаулығына жиі шағымданатынын айтады.
"Магнит дауылдар метеосезімтал адамдардың жағдайына әсер етуі мүмкін. Әсер ету механизмі толық зерттелмегеніне қарамастан, клиникалық практикада қан қысымның көтерілуіне, бас ауруына, ұйқының бұзылуына және жалпы әлсіздікке шағымданушылар көбейгенін көреміз", - деп атап өткен болатын бұған дейін терапевт Әлия Сағындықова..
Кейбір ғалымдардың зерттеулерінде геомагнит дауылыдардың жүрек және қантамыр мәселелері, сондай-ақ бас ауруы, әлсіздік пен қысымның құбылу қаупімен байланысты болуы мүмкін екені айтылады. Мамандар магнит тербелістер жүрек соғысына, биоырғаққа, тамыр жұмысына және вегетативті жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін деп болжайды.
Дәрігерлер бұл күндері жүктемені азайтып, денсаулыққа мұқият қарауға кеңес береді:
- қан қысымы мен тамыр соғысын бақылау;
- күйзелістен аулақ болу;
- көбірек демалу;
- дәрігер тағайындаған препараттарды қабылдау.
Медицина мамандары көп адам үшін магнит дауылдары айтарлықтай салдарсыз өтетінін, бірақ қауіп тобына жататындарға өз жағдайына ерекше мұқият болған дұрыс екенін атап өтеді.


