Түркияда 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:57
- 1
Әлеуметтік платформалар тіркелу кезінде пайдаланушылардың жасын e-Devlet мемлекеттік порталы арқылы тексеруге міндеттеледі. Белгіленген жасқа толмаған балаларға аккаунт ашуға тыйым салынады.
15 жастан асқан жасөспірімдерге де шектеулер енгізіледі. Олардың аккаунттары жабық болуы тиіс, ал хабарламаларды тек өз жазылушыларынан ғана қабылдай алады. Жасөспірімдерге тікелей эфир өткізуге, жекелендірілген жарнама мен басқа аккаунттар туралы ұсынымдар алуға, сондай-ақ телефондағы байланыстар тізімі мен басқа сервистердегі контактілерді синхрондауға тыйым салынады.
Әлеуметтік желілер ата-аналар мен қамқоршыларға бақылау құралдарын ұсынуға міндетті болады. Ересектер балалардың профиль баптауларын басқара алады, платформаларды пайдалану уақытына шектеу қоя алады және ақылы операцияларды растай алады.




