Депутаттық корпусты жаңарту мәслихаттардың жұмысын күшейтеді – Қасым-Жомарт Тоқаев
- автор kyn.kz
- Бүгін, 11:28
- 1
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.
Президент депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді органдардың қызметін айтарлықтай күшейтетініне сенім білдірді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабы 5-тармағына сәйкес өткізілген консультациялар барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай қаралып отырған мәселе бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.


