Болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде көктайғақ болады. Сондай-ақ жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Осы күні Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Тек еліміздің орталық және оңтүстік аймақтарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның көптеген аймағында температура төмендейді деп күтіледі.
Солтүстік-батыста күндіз температура +10-нан +22 градусқа дейін болады.
Солтүстікте түнде -1…-6 градусқа дейін суытады, күндіз ауа +3…+13 градусқа дейін жылынады.
Орталықта түнде -6-дан +3 градусқа дейін, күндіз +4-тен +15 градусқа дейін болады деп күтіледі.
Шығыста түнде -5-тен +5 градусқа дейін, күндіз -1-ден +9 градусқа дейін болады деп болжанады.
Оңтүстік-шығыста түнде температура +5…+10 градус, таулы аймақтарда -2-ден +3 градусқа дейін болады. Күндіз +10…+22 градус, тауларда +5…+10 градус күтіледі.



