«Оның бас сүйегінен шарап ішеді»: Кенесары ханды қорлаған қырғызстандық студенттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:44
- 51
Шекеевтің айтуынша, бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Ұлттық болмысымызға, мүддемізге, болмаса ата-бабамыздың рухына да тиісу намысымызға тиетінін ескерткім келеді. Кенесары болсын, басқа ата-бабамыздың ұрпақтары бүгінгі таңда да өмір сүріп жатыр», – деді адвокат.
Сонымен қатар ол бұл жағдайға бола тұтас халықты кінәламауға шақырды.
Бұдан бұрын әлеуметтік желіде Астанада алмасу бағдарламасы бойынша білім алған Бішкектегі екі студенттің онлайн эфир кезінде Кенесары хан туралы қорлайтын сөздер айтқан видеосы тарады. Олардың бірі Қырғызстанда «оның бас сүйегінен шарап ішеді» деген мазмұнда мәлімдеме жасаған.
Видео Қазақстан мен Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде кеңінен тарап, екі елде де наразылық туғызды.
Сол күні студенттер видеоүндеу жариялап, кешірім сұрады. Олар шектен шыққанын мойындап, Қазақстан азаматтары мен қырғыз халқынан кешірім өтінді.




