Қоғам
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем төленбейді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:16
- 36
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декретке шыққанда және бала 1,5 жасқа толғанша төленетін жәрдемақы тағайындалмайтын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет мәлім етті.
«Көбіне Жаңа жылдан бастап 14 жәрдемақының төленбейтіні туралы ғана айтып жатыр. Енді Жаңа жылдан бастап ер адамдар декреттік төлем алмайды. Оған да қатысты өзгерістер бар», - деді Ләззат Қожахмет.
Айта кетсек, жуырда Үкімет 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап А және В санатындағы көпбалалы аналарға бала туғанда мемлекеттік бюджеттен төленетін бір реттік төлем мен бала 1,5 жасқа толғанша төленетін төлемнің тоқтайтыны туралы Қаулы қабылдаған. Қалған үш санаттағы, яғни, табысы аз әйелдерге үкімет бұл төлемдерді төлей береді.


