Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кейбір қазақстандықтар жәрдемақыдан өз еркімен бас тартқан

Кейбір қазақстандықтар жәрдемақыдан өз еркімен бас тартқан
Сурет: taxexpert.md/ru
200-ден аса қазақстандық жәрдемақы алудан ерікті түрде бас тартты.

Бұл туралы премьер министр Олжас Бектенов қатысқан жиналыста анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

SMS-хабарламалар нәтижесінде 200-ден аса азамат мұқтаж болмағандықтан жәрдемақыдан бас тартатынын мәлімдеген.

"Осы бағытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile қосымшасына енгізілетін жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту сервисінің жаңа жобасын таныстырды. Оның көмегімен әлеуметтік жәрдемақы алатын тұрмысы жоғары азаматтар мемлекеттік органдарға бармай-ақ, онлайн режимде төлемдерден өз еркімен бас тарта алады".

Кеңес барысында премьер-министр азаматтар үшін отбасылардың әл-ауқат деңгейін анықтайтын калькулятордың ыңғайлылығын "мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректерді автоматты түрде толтыру арқылы" қамтамасыз етуді тапсырды. Министрлікке мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейлі банктерді "Отбасының цифрлық картасына" қосуды жеделдету тапсырылды.

Бұдан бөлек, Бірыңғай цифрлық платформа аясында бұған дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылып келген 66 әлеуметтік көмек шарасына ревизия жүргізілді.

"Оның қорытындысы бойынша орталық және жергілікті деңгейлерде ішінара қайталанатын 38 шара оңтайландырылды, ал қалған 28 шара бүкіл ел бойынша бірыңғай тағайындау критерийлері бар 13 ірі бағытқа біріктірілді", - деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар