Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Неге бұдан да көбірек қасында болмадым?” деген өкініш": Сәкен Майғазиев марқұм анасын еске алып, жазба жариялады

“Неге бұдан да көбірек қасында болмадым?” деген өкініш": Сәкен Майғазиев марқұм анасын еске алып, жазба жариялады
Сурет: әлеуметтік желіден
Белгілі әнші, “МузАРТ” тобының мүшесі Сәкен Майғазиев анасын есне алып, жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлі күнге дейін кеудесін өкініш кернейтінін айтты.

“Анашым сияқты өнегелі өмір сүріп, ғибратты ғұмыр кешіп, Алла тағаланың бұйырған бес парызын бұлжытпай орындап, ата-ана, ата-ене, адал жардың разылығын алып, он құрсақ көтеріп, Майғазы атамнан тараған төрт ұлдың ұрпақтарының барлығын бауырына басып, емізіп, сосын бейнетінің зейнетін көрген аналардың бірі біздің анамыз. Бір күн уақытым болса, ауылға барып, анашымның көңілін табуға қанша тырысып жүрмін десем де, “Неге бұдан да көбірек қасында болмадым?” деген өкініш өзегіңді өртейді екен. Сол үшін анасы бар адамдар, қазір қоңырау шалып, халін біліп, денсаулығына көңіл бөліп қойыңыздар”, – деді өнер иесі.

Көзі тірі кезінде марқұм анасы Сәкен Майғазиевке өз разылығын айтып кеткен екен.

“Аллаға шүкір, анамның “Балам, саған разымын” деген сөзін бірнеше рет естіген бақытты перзенттердің бірімін. Соның өзі жүрегіме жұбаныш, жаныма медеу”, – деп жазды ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар