Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҚМДБ мәліметінше, Ораза айт мерекесі келесі жылдың 9 наурыз күніне сәйкес келеді. Ал Құрбан айт 16 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады.
Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мереке. Бұл күні мұсылман қауымы айт намазына жиналып, бір-бірін мерекемен құттықтайды.
Ал Құрбан айт – ислам дініндегі ең ұлық мерекелердің бірі. Мереке күндері мұсылмандар құрбандық шалып, оның етін мұқтаж отбасыларға таратады. Құрбан айттың алдындағы Арапа күні 15 мамырға сәйкес келеді.



