Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде Республика күніне орай дүкендерде 50 пайыз жеңілдік науқаны жарияланды

Елімізде Республика күніне орай дүкендерде 50 пайыз жеңілдік науқаны жарияланды
Сурет: centralmedia24.kz
Республика күніне орай еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және басқа өңірлерінде Republic Day және Bereke Fest атты ауқымды жеңілдіктер науқаны басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Республика күніне орай кейбір тауарларға 10% – 50 % дейін жеңілдік ұсынылады Жеңілдектер 21-27 қазан аралығында өтеді. Осы күндері азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын тауарларды төмендетілген бағамен сатып алуға болады.

Науқанға ірі сауда орталықтары мен дүкендер желілері қатысады. Астанада жеңілдіктерді MEGA Silk Way және Хан Шатыр сауда орталықтарынан, Алматыда MEGA Alma-Ata, MEGA Park және Forum Almaty орталықтарынан табуға болады. Ал Шымкентте Mega Planet және Shymkent Plaza сауда орталықтары акцияға қосылады.

Bereke Fest аясындағы арнайы ұсыныстар Magnum, SMALL, Астықжан және GraMad дүкендерінде де қолжетімді болады.

Науқанды Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған.

Жеңілдіктерге қатысатын сауда орталықтары мен дүкендердің толық тізімін жергілікті әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарынан білуге болады. Акциялар 27 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар