Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Navai Қазақстаннан кетті: іс тоқтатылды

Navai Қазақстаннан кетті: іс тоқтатылды
Сурет: РИА новости
Қазақстанда есірткі контрабандасы бойынша күдікпен ұсталған ресейлік әнші Navai-ға (Наваи Бакиров) қатысты іс "ақталмайтын негіздер" бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.

"Келіп түскен сауалдарға байланысты ресейлік рэп орындаушысына қатысты қылмыстық іс оның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, кінәсін мойындап, өкінгенін ескере отырып, қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылғанын хабарлаймыз", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қабылданған процестік шешімді қадағалау органы (яғни прокуратура) бекітті. Navai Қазақстан аумағынан шығарылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар