Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

СҚО белгісіз тұнбаны ішкен үш ер адамның екеуі көз жұмып, біреуі ауруханада жатыр

СҚО белгісіз тұнбаны ішкен үш ер адамның екеуі көз жұмып, біреуі ауруханада жатыр
Сурет: larepublica.pe
Солтүстік Қазақстан облысында құрамы белгісіз тұнбаны ішкен үш ер адамның екеуі көз жұмды. Біреуі ауруханаға жеткізілді. Жағдайы әлі де өте ауыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

СҚО Жедел медициналық көмек көпбейінді қалалық ауруханасының мәліметінше, үш ер адам демалыс күндері улану белгілерімен түскен. 

“Оларды алып келгендердің айтуынша, ер адамдар түскі уақытта қайдан алынғаны белгісіз тұнбаны ішкен. Үшеуінен де бірдей белгілер байқалған: тыныс алуы қиындап, айналасындағылармен байланыс орнату қабілеті бұзылған. Ал олардың бірінде бірнеше рет құсу болған. Өкінішке қарай, науқастардың екеуі қайтыс болды. Бірі ауруханаға түскен күні, екіншісі үшінші тәулікте көз жұмды. Үшінші ер адамның жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр”, – деді аурухана өкілдері. 

Аурухана мамандары құрамы белгісіз сұйықтықтарды ішпеуге, улану жағдайында дәрігерге жүгінуге кеңес берді.

“Бұл ақпаратты не үшін жариялап отырмыз? Адамдарды өлімге әкелуі мүмкін қауіптен ескерту үшін. Құрамы мен қайдан алынғаны белгісіз сұйықтықтар, тұнбалар мен қоспалардың құрамында ауыр улануға әкелетін заттар болуы мүмкін. Сусынды немесе тұнбаны үйде өзіңіз дайындағаныңыз оның қауіпсіз екенін білдірмейді. Құрамындағы заттардан, мөлшерінен немесе дайындау тәсілінен кеткен қателік ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Тәжірибе жасап көремін деп өміріңізді қатерге тікпеңіз. Кейде оның салдарын түзету мүмкін болмайды”, – деп ескертті мекеме. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар