Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутат әйелдерді зорлық-зомбылықтан Еуропадағыдай қорғаудың жүйесін ұсынды

Депутат әйелдерді зорлық-зомбылықтан Еуропадағыдай қорғаудың жүйесін ұсынды
Сурет: ашық дереккөздерден
Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін уақытында анықтайтын "Электронды қорғау аймағы" пилоттық жобасын іске қосу ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл сауалды ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жолдады.

Депутат кейінгі жылдары Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілген. Алайда қайғылы оқиғалар тыйылар емес.

Аймағанова мысал ретінде қоғамда үлкен резонанс тудырған екі кісі өлімін келтірді. 13 шілдеде Абай облысында 20 жастағы Дильназ Жұмағұлова алған көптеген пышақ жарақатынан көз жұмды. Қыркүйек айында Астанада бұрынғы күйеуі екі баланың анасы Жазира Адауованы өлтіріп кетті.

"Осыған байланысты маңызды сұрақ туындайды: қолданыстағы қорғау тетіктері жасалған зорлық-зомбылыққа әрекет етіп қана қоймай, қауіпті алдын ала анықтауға және оның алдын алуға қаншалықты мүмкіндік береді?" - деді депутат.

Аймағанова Ішкі істер министрлігіне жекелеген өңірлерде "Электронды қорғау аймағы" пилоттық жобасын әзірлеуді және сынақтан өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар депутат қауіп туралы белгі түскен кезде полиция іс-қимылының бірыңғай міндетті алгоритмін бекітуді ұсынды

"Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру үшін қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтау және алдын алу мақсатында қолданыстағы құқықтық және цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет", - деп атап өтті Аймағанова.

Депутат мұндай қорғау тетіктері басқа елдерде, мысалы, Францияда қолданылатынын да айтып өтті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар