20 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстары кезінде тау-кен массасы опырылып, ұңғылаушы қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазхром" ТҰК" АҚ мәліметінше, ұңғылаушы ауыр жарақат салдарынан көз жұмған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Комбинат басшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді.
"Қазхром" ТҰК" АҚ – феррохром өндіретін жетекші компаниялардың бірі әрі Қазақстандағы ірі жұмыс берушілердің қатарында. 1938 жылы Ақтөбе облысында хром кенін өндіру және байыту мақсатында Донской тау-кен байыту комбинаты құрылды. Кәсіпорын Оңтүстік Кемпірсай хромит кен орнының негізінде жұмысын бастады. Қазір компания бөлімшелерді жаңғыртуға, кен өндіру көлемін арттыруға және ферроқорытпа өндірісін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып жатыр.


