Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

16 миллион доллар: Жазира Байырбекова ұшағын сатылымға шығарды

16 миллион доллар: Жазира Байырбекова ұшағын сатылымға шығарды
Сурет: ашық дереккөздерден
Танымал әнші Жазира Байырбекова "Әгугәй" ансамбліне театр ашу үшін ұшағын сатпақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен.

"Театрын ашу үшін самолетімізді сатамыз деп шештік. Алғысы келетіндер @aguqai_ansambl-дің парақшасына тіркеліңіздер!" – деп жазған әнші.

Хабарландыруда әуе кемесінің бағасы 16 миллион доллар деп көрсетілген. 

Әншінің ұшағы бар екенін білген кейбір оқырмандардың бірі таңұалып, әзілге айналдырған.

Алайда кейін хабарландыру әншінің парақшасынан жоғалып кетті. Оның не себепті өшірілгені туралы мәлімет жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар