Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ресейге жұмысқа кетіп, соғыс аймағына тап болған 12 азамат елге оралды

Ресейге жұмысқа кетіп, соғыс аймағына тап болған 12 азамат елге оралды
Сурет: видеодан скриншот
Ресейге жұмыс істеуге барып, мәжбүрлі түрде соғыс аймағына тап болған 12 қазақ баласы елге қайта оралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев Instagram парақшасында жазды. Ол елге оралған әр бала өз отбасымен қауышқанын жеткізді. 

“Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көңіл толқығанда не айтарыңды да білмей қалады екенсің. Бұл – жай ғана қайту емес. Бұл – ата-ананың көз жасы,отбасының үміті, баланың, Қазақстан азаматтарының елге оралуы. Осы балалардың әрқайсысы бүгін өз жерінде, өз елінде, өз ата-анасының жанында”, – деп жазды заңгер. 

Қазір соғыс аймағында қалған басқа да қазақ балаларын қайтару үшін келіссөз жүріп жатыр екен. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар