Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы РФММ-дегі уланған 60-қа жуық бала ауруханадан емделіп шықты

Алматыдағы РФММ-дегі уланған 60-қа жуық бала ауруханадан емделіп шықты
Сурет: almaty.fizmat.kz
Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФМШ оқушылары үйіне шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары ем қабылдап шықты.

"2026 жылғы 12 қазаннан бастап стационарға 58 бала жатқызылды. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді", - деді ведомстводағылар.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің ондаған оқушысы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскені туралы жазған едік. Бұдан кейін мектепте тексеріс басталды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар