Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда элиталы үйде жарылыс болып, екі бала зардап шекті

Алматыда элиталы үйде жарылыс болып, екі бала зардап шекті
Сурет: видеодан скриншот
Алматыдағы Esentai City тұрғын үйде жарылыс болды.

Салдарынан екі баланың зардап шеккен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігі бұл мәліметті растап, жараланғандардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

Оқиға 22 қазан күні Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты үйде болды. Әкімдіктің мәліметінше, газ таралып, артынша жарылысқа ұласқан болуы мүмкін. Қуанарлығы, өрт шықпаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, табиғи газдың таралуы себеп болуы мүмкін.

«Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған екі бала жеңіл жарақат алды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар