Осы уақыт ішінде жұмыс таппаса, онда олар автоматты түрде жұмыссыз мәртебесін алады. Бқл өзгеріс 1 қазаннан бастап енгізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №382 бұйрықпен бекіткен.
Жұмысы мен табысы жоқ азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін тұрғылықты жеріндегі мансап орталығына жүгіне алады немесе "Электрондық еңбек биржасы" бірыңғай цифрлық платформасы арқылы өтініш бере алады.
Өтініш беру кезінде азамат дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі керек. Құжаттар мен мәліметтер тексерілгеннен кейін оны бір жұмыс күні ішінде жұмыс іздеуші ретінде тіркейді.
Бұл 16 жасқа толмағандарға, жұмыспен қамтылғандарға, зейнет жасына жеткендерге, жоғары сынып оқушылары мен студенттерге және заңда көрсетілген басқа да санаттарға қолданылмайды.
Сондай-ақ жұмыссыз екені туралы жалған мәлімет бергендер мен белгілі бір жаза түрлерін өтеп жүрген адамдарға қатысты ерекшеліктер қарастырылған.
Жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз азамат мансап орталығы ұсынған лайықты жұмысқа келісетінін не бас тартатынын үш жұмыс күні ішінде хабарлауы керек.
Бұрынғы тәртіп бойынша жұмыс іздеушілер ұсынылған жұмысқа бір жұмыс күні ішінде жауап беруі керек болған. Ал жұмыссыздар үшін үш жұмыс күні берілетін.
Мансап орталығы мынадай жағдайларда азаматты жұмыссыздар есебінен шығара алады:
- Ұсынылған үш лайықты жұмыс нұсқасынан бас тартса немесе белгіленген мерзімде жауап бермесе;
- Жұмысқа орналасу немесе оқыту орнына дәлелді себепсіз бес жұмыс күні ішінде бармаса;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетінше тоқтатса;
- Мансап орталығына белгіленген уақытта бармаса немесе хабарлау талаптарын орындамаса;
- Жұмысқа орналасуға әсер ететін өзгерістер туралы уақытында хабарламаса;
- Жалған немесе қолдан жасалған құжаттар ұсынса.


