Ұлыбританиялық ханзада Уильям Грэм Қазақстандағы киіктер жайында сөз қозғады. Бұл туралы Нортонның шоуына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ханзада Уильям Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтірудегі жетістігін атап өтіп, киік санының қайта өсуіне мемлекеттік қолдаудың ықпал еткенін айтты.
Ол еліміздің далалық экожүйесін сақтауға көмектесетін "Алтын дала" табиғат қорғау жобасының рөлін атап өтті.
"Бір кездері бұл киік түріне жойылу қаупі төнген еді, бірақ қазір оның популяциясы қайта көбейді. Мұның бәрі Қазақстан Үкіметі бұл түрдің ел үшін және табиғатты қорғау үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, оған толық қолдау көрсеткенінің арқасында жүзеге асты", - деді ол.



